Әлем

Түркия мен Әзербайжан бірлескен әскери жаттығулар өткізуде

Әзербайжан Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда екі ел арасындағы әскери ынтымақтастық келісімі аясында Түркия және Әзербайжан армиясы Баку, Астара, Жебрайыл және Имисли облыстарында жаттығу жұмыстарын бастады.

Оқу-жаттығуда құрлық және әуе күштері, арнайы жасақтар, ракеталық-артиллериялық бөлімшелер түрлі міндеттерді орындауда.

Бірлескен оқу-жаттығуда соғыс уақытында әскерлердің үйлесімділігін қамтамасыз ету, басқаруды жетілдіру, тәжірибе алмасу және жеке құрамның кәсіби деңгейін арттыру көзделуде.

Source
TRT Net

TuraNews

Back to top button