ӘлемСаясат

Түркия және Ресей делегациялары Мәскеуде бас қосады

Түркия мен Ресей Федерациясы арасындағы саяси кеңестер бүгін Ресей астанасы Мәскеуде өтеді, деп хабарлайды TuraNews.kz.

Түркия Республикасы Сыртқы істер министрлігі Түркия мен Ресей арасында Сыртқы істер министрлерінің орынбасары деңгейінде кеңес өтетінін білдірді.

Министрліктің хабарламасында «Түркия мен Ресей Федерациясы арасында екі жақты және аймақтық саяси тақырыптардағы консультациялар Сыртқы істер министрінің орынасары Бурак Акчапар және Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасарлары Сергей Вершинин және Александр Грушко басшылығындағы делегациялар арасында 21 қараша күні Мәскеуде өтеді» деп айтылды.

TuraNews

Back to top button