
Оның айтуына қарағанда палестиндіктер өздерін қорғау үшін қолдан келгенін жасап жатыр. Сондай-ақ Түркия басшысы БҰҰ-ның мінберінен Израильді қатаң айыптады.
Нетаньяху үкіметі бұрын Холокост құрбаны болған қоғамды басқарады. Бірақ бүгін сол биліктің өзі бір жерді, бір суды, бір нанды бөлісіп келген халықты қырып жатыр. Бұл қорлыққа қарсы тұруымыз қажет. Халықаралық қауымдастық Батыс жағалаудағы экспансионизмге, Шығыс Иерусалимдегі жағдайға нүкте қоюға тиіс. Әйтпесе халықаралық тәртіп пен адамзат құндылықтарын қорғау туралы әңгіме бос сөз — деді, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған.