Түркия халқының төрттен бір бөлігінен астамын балалар құрайды
2022 жылдың аяғында Түркияда 17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер саны 22 578 378 -ді, яғни ел халқының 26,5 пайызын құрады. Мұндай мәліметтерді сейсенбі күні Түркия Статистика институты (TÜİK) жариялады, деп хабарлайды Turanews.kz Анадолы ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Халықты мақсатты тіркеу жүйесінің қорытындылары бойынша, 2022 жылдың соңында Түркия азаматтарының саны 85 279 553 адамды құрады.
Өткен жылдың соңында елдегі балалар мен жасөспірімдердің 51,3 пайызы ұлдарды, 48,7 пайызын қыз балалар құраған.
Салыстыртырмалы түрде, БҰҰ мәліметі бойынша 1970 жылы балалар Түркия халқының 48,5 пайызын құраған. 1990 жылы бұл көрсеткіш 41,8 пайызға, ал 2022 жылы 26,5 пайызға дейін қысқарған.
Демографиялық болжамға сәйкес, 2030 жылы Түркиядағы балалардың үлесі 25,6 пайызды, 2040 жылы — 23,3 пайызды, 2060 жылы — 20,4 пайызды, 2080 жылы — 19 пайызды құрайды.
Еуропалық Одаққа (ЕО) мүше 27 елдегі балалар санын талдау көрсеткіштеріне қарасақ, 2022 жылы орташа көрсеткіш 18,1 пайызды құрады.