БастыҚоғам

Түркия халқы қартайып бара жатыр

Түркияның кейбір провинцияларында халықтың біртіндеп қартаюынан орташа жас 43-ке жетті.

Түркия Статистика Институтының (TÜİK) мәліметінше, түрік халқының орташа жасы 2024 жылы 34,4 жасқа жетті және 2026 жылға қарай 35 жастан асады деп шамаланып отыр. 2015 жылы бұл көрсеткіш 31 жыл болды. Мұндай демографиялық өзгерістер халықтың қартаю процесінің жеделдеуін көрсетеді.

Түркияда егде жастағы халық деп есептелетін 65 және одан жоғары жастағы адамдардың саны өткен жылы 9 млн-ға жуықтап, соңғы бес жылда 20 пайыздан астам өсті. Егер 2018 жылы егде жастағы халықтың жалпы халық санына қатынасы 8,8%-ды құраса, 2024 жылы ол 11%-ға дейін өсті. 2024 жылы егде жастағы халықтың шамамен 45%-ы ерлер және 55%-дан астамы әйелдер болды. Демографиялық болжамға сәйкес, егде жастағы халықтың үлесі 2030 жылы 12,9%, 2040 жылы 16,3%, 2060 жылы 22,6% және 2080 жылы – 25,6% болады.

Синоп, Гиресун және Кастамону провинцияларында орташа жас қазірдің өзінде 43-ке жетті. Қысқа мерзімді перспективада еңбекке қабілетті жастағы адамдар санының өсуі жалғасып жатқанымен, ұзақ мерзімді перспективада оның азаюы күтіліп отыр, бұл болашақта ел экономикасына өз әсерін тигізетіні анық.

Мамандардың болжамынша, 2050 жылға қарай Түркия халқының орташа жасы 45 жасқа дейін өсуі мүмкін. Осындай демографиялық өзгеріс туу көрсеткішінің төмендеуіне және өмір сүру ұзақтығының артуына тікелей байланысты.

Бұған дейін Түркияда 2025 жыл «Отбасы жылы» деп жарияланғанын хабарланған болатын. Бұл бастама аясындағы жаңалықтар ел жастары мен демографиясын қолдауға бағытталған.

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button