Саясат

Түркия Газа секторында атысты тоқтату туралы келіссөздердің мән-жайын ашып айтты

Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан АҚШ Мемлекеттік хатшысы Антони Блинкен және Хамас саяси бюро басшысы Ханиемен кездесті.

TRT Haber агенттігінің мәліметінше, Хакан Фидан мен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Антони Блинкеннің кездесуінде Газадағы соңғы оқиғалар мен Украинадағы жағдай талқылады.

Министр Хакан Фидан Газада тез арада атыстыатысты тоқтату, гуманитарлық дәліздерді ашу және бейбіт келісімге қол қою үшін шұғыл қадамдар жасаудың маңыздылығына тоқталды

Гуманитарлық көмектердің аймаққа жетуіне кедергілердің жойылуы керектігін атап өткен министр Фидан, Израильдің Рафахқа жасаған шабуылына наразылығын білдірді.

Сондай-ақ, Министр Фидан Катарда Хамас саяси бюросының басшысы Хание және оның делегациясымен де кездесу өткізді.

Сыртқы істер министрлігінен алынған ақпаратқа сәйкес, кездесуде атысты тоқтату келіссөздеріндегі соңғы жағдай талқыланды.

TuraNews

Back to top button