БастыҚоғам

Түркия авиация саласындағы ең ірі келісім-шартқа қол қойды

Түркияның ұлттық әуе тасымалдаушы компаниясы Turkish Airlines 30 миллиард долларға 220 Airbus ұшағын сатып алады.

Келісімшартқа Германия федералды канцлері Олаф Шольц пен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның келіссөздері нәтижесінде қол қойылды, деп жазады Kazinform агенттігі.

19 қазанда Ыстанбұлда Германия федералды канцлері Олаф Шольц пен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған кездесуінің нәтижесінде аймақтық жағдай мен екіжақты қарым-қатынастардың кеңінен талқыланды.

Келіссөздің негізгі нәтижелерінің бірі түрік әуе жолдары мен Airbus арасында шамамен 30 миллиард долларлық ірі келісімшартқа қол қою болды. Келісімшарт еуропалық компаниядан 220 заманауи әуе лайнерін сатып алуды қарастырады.

Бұл түрік әуе компаниясының тарихындағы ең ауқымды тапсырыс болатыны аталып өтті.

 

TuraNews

Back to top button