БастыЭкономика

Түркия АҚШ-қа 15 мың тонна жұмыртқа экспорттайды

Түркия АҚШ-та құс тұмауына байланысты қалыптасқан жұмыртқа тапшылығын азайту мақсатында 15 мың тонна жұмыртқа экспорттауды бастады.

Түркия Жұмыртқа өндірушілер одағының төрағасы Ибрахим Афьонның мәлімдеуінше, экспорт биылғы ақпан айында басталып, шілде айына дейін жалғасады. Барлығы 700 контейнер жұмыртқа жөнелтіледі, ал бұл шара одаққа мүше тиісті лицензиясы бар компаниялар арқылы жүзеге асырылады.

Түркия әлемдегі ең ірі жұмыртқа экспорттаушы елдердің бірі саналады. Келісім аясында Түркия шамамен 26 миллион доллар табыс түсіруді жоспарлап отыр.

АҚШ-тағы құс тұмауының өршуі елдегі жұмыртқа тапшылығын күшейтіп, бағаның 36,8%-ға өсуіне алып келді. Осыған байланысты АҚШ билігі уақытша импорттық шараларды қолдауда. АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл мәселеге қатысты түсініктеме берген жоқ.

 

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button