ӘлемЭкономика

Түркия аккумулятор өндірісін арттыруды көздеуде

Түркия Республикасы өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Каджыр Қытайдың Чжэнцзян қаласындағы аккумулятор өндіруші нысандарын аралады, деп жазады TuraNews.kz.

Мехмет Фатих Каджыр Түркиядағы аккумулятор өндірісін тез арада жоғары деңгейге жеткізгісі келетіндерін айтты.

Министрлік жасаған мәлімдемеге қарағанда министр Каджыр Қытайдың Чжэнцзян қаласындағы аккумулятор өндіруші нысандарын аралады.

Каджыр Түркияның электрлі көліктер шығаратын орталық болу үшін батарея шығаратын орталық болуының өте маңызды екенін атап көрсетті.

Каджыр «Біздің тілегіміз Фарасис сияқты көптеген инвесторлардың алдағы кезеңде Түркияны таңдауы және Түркиядағы аккумулятор өндірісі қуатымызды тез арада жоғары деңгейге көтеруі болып табылады» деді.

TuraNews

Back to top button