Шығыс Қара теңіз экспорттаушылар қауымдастығының мәліметінше, Түркия биылғы жылдың тоғыз айында 22,88 миллион долларға 5 мың 913 тонна бал экспорттаған.
Түрік балын жалпы әлемде 49 ел сатып алуда және оның ішінде АҚШ, Германия және Канада көшбасшылары. АҚШ-қа экспорт көлемі 9,33 миллион долларды, Германияға — 5,29 миллион долларды және Канадаға — 904,7 мың долларды құрады.
Бұған қоса түрік балы өткен жылдың сәйкес кезеңінен айырмашылығы Венгрия, Бангладеш, Ирак, Либерия, Чехия, Марокко, Непал және Экваторлық Гвинея сияқты елдерге де экспорттала бастады.