СаясатЭкономика

Түркия 2054 жылға қарай көміртек шығарындысын нөлдік деңгейге жеткізбек

Түркия 30 жыл ішінде көміртегі шығарындыларының деңгейін нөлге дейін төмендетуді мақсат етіп отыр. Бұл туралы елдің Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар мәлімдеді.

Берлинде өткен 6-шы Түрік-Германия энергетика форумында Түркияның Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар ​​ел үкіметінің энергетика, көлік, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы сияқты экономика салаларында көмірқышқыл газының шығарындыларын азайтуға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыруды жоспарлап отырғанын айтты.

Министрдің пікірінше, нөлдік көміртекті экономикаға көшу экологиялық мәселелерді шешумен қатар, жаңа жұмыс орындарын ашуға және инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жаңартылатын энергия көздерін дамыту, энергия тұтынуды азайту және экологиялық көліктерді қолдау жоспарланып отыр.

Байрактардың айтуынша, Түркия 2035 жылға дейін жаңартылатын энергия көздеріне 100 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр.

TuraNews

Back to top button