Мәдениет

Түркидяда «Достық әндері» шырқалды

Түркияның астанасы Анқарада «Достық әндері» атты концерт өттті.

Анкарадағы «Анкара сурет және мүсін мұражайының» «Түрік ошағы» залында ТҮРКСОЙ ұйымы мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі бірлесіп ұйымдастырған «Достық әндері» атты концерт өттті. Кеште Құддус Гожамияров атындағы Мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрының әртістері өнер көрсетті.

Театрдың 90 жылдық мерейтойына орай өткізілген шарада өнерпаздар ұйғыр музыкасының дәстүрлі және заманауи үлгілерін орындап, дәстүрлі халық билерін ұсынды.

Кештің салтанатты ашылуында сөз алған ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев қоғам дамуында және мәдениетаралық байланыста маңызды орынға ие театр мен музыка өркениет тарихындағы өнердің ең көне салаларының бірі екенін атап өтті.

«ТҮРКСОЙ ұйымы ретінде біз ортақ түркі әлемінің мәдениетін, ұлттық және рухани тұлғаларымызды насихаттауға ерекше мән береміз. Жыл сайын өткізетін Тұрақты кеңес отырысында ұлттық музыкалық ұжымдарымызды және ұлттық театрларды дамыту және қолдау туралы шешімдер қабылдаймыз. Бірлігіміз бен ынтымағымыздың маңызды элементтері — музыка мен театр», — деді ол.

Раев Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігіне, Қазақстан Республикасының Анкарадағы елшісі Еркебұлан Сәпиевке, Анкара сурет және мүсін мұражайының директоры Мұрат Йылдырым мырзаға және басқа да қолдаушыларға алғысын білдірді.

Шара соңында өнерпаздарға ТҮРКСОЙ-дың арнайы және 30 жылдық медальдері табыс етілді. Қатысушылар естелік суретке түсті.

TuraNews

Back to top button