Саясат

Түркі мемлекеттерінің Денсаулық сақтау министрлері кездесті

Ыстамбулда Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің денсаулық сақтау министрлерінің отырысы өтті, деп хабарлайды Түркі Мемлекеттер Ұйымы ресми сайты.

2022 жылдың 31 қазанында Ыстамбұлда Түркі медицина әлемі конгресі аясында Денсаулық сақтау министрлерінің 2-ші отырысы өтті.

Кездесуге, Түркия Республикасының Денсаулық сақтау министрі доктор Фахреттин Кожаның басшылығымен ТМҰ Бас хатшысы Бағдат Әміреев, Әзірбайжан Республикасының Денсаулық сақтау министрі доктор Теймур Мусаев, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі доктор Ажар Гиният, Қырғыз Республикасының Денсаулық сақтау министрі доктор Гүльнара Баатырова және Өзбекстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Бехзад Мусаев қатысты.

Конгресте түркітілдес елдердің медицина мамандары пандемиядан кейін саланың дамуы, ғылыми медицинаны әртараптандыру сияқты өзекті мәселелерді талқылады. Сондай-ақ түркі мемлекеттері дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтарды шығаруда өзара тәжірибе алмасу жөнінде келісімге келді. Қазақстандық делегацияны бастап барған Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ғылымды дамытуға және пандемия кезінде халықтың денсаулығын қорғауға қосқан үлесі үшін Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанның қолынан арнайы мараптқа ие болды.

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Осы конгресте барлық медицина қызметкерлері әрбір мемлекеттен келген сарапшылар ғылымның дамуы жөнінде, әсіресе жаһандық пандемиядан кейінгі серпілістің медицина ғылымының дамуына берген мүмкіндігі, көптеген жаңа технологияларды енгізілуі, ол технологиялардың практикаға енгізіліп, халықтың денсаулығын нығайтуға әсерін талқылап жатыр.

 

TuraNews

Back to top button