Технология

Түркі мемлекеттері ұйымының сайтын енді қазақ тілінде де оқуға болады

Сайт бес тілде жұмыс істейді.

Түркі мемлекеттері ұйымының сайтын енді 5 тілде, оның ішінде қазақ тілінде де оқуға болады. Бұл туралы ұйымның бас хатшысы Құбанышбек Өмірәлиев хабарлады.

Сайт түрік, қазақ, әзербайжан, қырғыз және өзбек тілдерінде жұмыс істейді.

«Түркі мемлекеттері ұйымының ресми сайты енді барлық мүше мемлекеттердің ана тілдерінде жарияланады», – делінген ресми хабарламада.

Құбанышбек Өмірәлиевтің сөзінше, бұл қадам түркі әлеміндегі ынтымақ, ортақ мұра, ағайындық және өзара сыйластықты білдіреді.

Еске салайық, Түркі мемлекеттері ұйымы 2021 жылы 12 қарашада Түркі кеңесінің негізінде құрылды. Оған Түркия, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан мүше болса, байқаушы елдер ретінде Түркіменстан мен Венгрия ұйым жұмыстарына қатысады.

 

Source
informburo.kz.

TuraNews

Back to top button