
Кездесуде қор мен ұйымның құрылтайшы елі — Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың бар байланыстары атап өтілді. Тараптар ағымдағы және келесі жылы Қазақстанның бай мәдени мұрасын қорғау және насихаттау саласындағы қор қызметінің бағыттарын талқылады.
Сондай-ақ, әңгіме барысында «Түркі әлемінің келешегі-2040» стратегиялық бағдарламасы аясында қорға жүктелген «Түркі мәдени мұрасын қорғау туралы Конвенцияны» іске асыру мәселелері бойынша пікір алмасты. Қордың кеңесін құру туралы, сондай-ақ ұйымға мүше елдердің мәдениет министрлерінің қатысуымен өтетін кеңес отырысына дайындық жұмыстары туралы айтылды.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қор дайындаған Конвенцияның түркі әлемі үшін маңыздылығын атап өтіп, осы саладағы ынтымақтастыққа қажетті қолдау көрсетуге сенім білдірді, сондай-ақ қор кеңесін құру жөніндегі күш-жігерін жоғары бағалады және ағымдағы жылдың наурыз айында өткізілуі жоспарланып отырған кеңес отырысына өзінің қатысатынын растады.
Кездесу қор мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың перспективалары мен маңызды мәселелерді талқылаумен жалғасты.