БастыҚоғамМәдениет

Түркі мәдениеті және мұрасы қоры түркі әлемінің мәдени мұрасының цифрлық каталогын жасамақ

Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) түркі әлемінің ортақ материалдық және материалдық емес мәдени мұрасының цифрлық каталогын дайындамақ.

Бұл туралы түркиялық Аналолу агенттігіне берген сұхбатында Түркі мәдениеті және мұрасы қорының басшысы Ақтоты Райымқұлова мәлімдеді, деп хабарлайды TuraNews.kz.

Қордың миссиясының түркі әлемінің түрлі салалардағы мәдени мұрасын қорғау, қалпына келтіру және тарату екенін атап өткен Райымқұлова, «Түркі әлемінің материалдық және материалдық емес мәдени мұраларының тізімі мен каталогы цифрлық және баспа түрінде болады», — деді.

Оның айтуынша, қор арқылы олар Қорға мүше елдердің сарапшыларымен жұмыс істей алды.

«Түркі елдерінде тарих, археология, сәулет, өнер және фольклор сияқты салаларда білімі толық мамандар жеткілікті және олардың мол тәжірибесі арқылы ортақ мәдени мұрамызды қорғап, болашақ үрпаққа насихаттауымыз қажет», — деді Райымқұлова.

Осы тұрғыда Райымқұлова, Қазақстанның Едісу алқабындағы Таңбалы петроглифтерінің ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілгеніне 20 жыл толуына орай Түркия, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның жетекші тарихшылары, археологтары мен реставраторлары үшін осы өңірге ғылыми саяхат ұйымдастырылғанын атап өтті.

Түркі мемлекеттері ұйымының Ыстамбұл саммитінде түркі әлемінің материалдық және материалдық емес мәдени мұраларының толық тізімі мен каталогы дайындалатыны белгілі болды. Бұл бастама Түркі Мемлекеттері Ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының тікелей тапсырмасынан кейін жасалып отыр.

«Құрамында түркі елдерінің сарапшылары бар жұмыс тобы құрылып, жоба жұмысы басталып кетті», — деп толықтырды Түркі мәдениеті және мұрасы қорының басшысы Ақтоты Райымқұлова.

 

TuraNews

Back to top button