Оңтүстік Корея Республикасының Донгдук қыздар университеті жанындағы Еуразиядағы түркі елдерді институты «Түркі гуманитарлық ғылымдар энциклопедиясы» атты 8 томнан тұратын бірегей басылымды жарыққа шығарды.
Аталған еңбек Корея Ұлттық зерттеулер қорының қаржылай қолдауымен 2018-2023 жылдар аралығында жүзеге асырылған іргелі ғылыми жобаның нәтижесі болып саналады. Жобаға әртүрлі мемлекеттерден 21 сарапшы автор ретінде атсалысып, Еуразиядағы түркі елдерді институтының директоры, профессор О Ын Кенг бастан-аяқ жетекшілік етті.
Еңбектің кіріспе мақаласында аталып көрсетілгендей, «Түркі гуманитарлық ғылымдар энциклопедиясы» Түркі белдеуі елдерінің (Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Түрікменстан, Өзбекстан, сонымен қатар Татарстан, Башқұртстан, Алтай, Хакасия, Тува, Саха Республикаларының (РФ), Қытайдағы Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданы) барлық гуманитарлық ғылымдарын, атап айтқанда түркі әлемінің тіл білімі, әдебиеті, тарихы, өнері, географиясы, фольклоры және діни наным-сенімі салаларын қамтыған.
Кәріс тілінде әзірленген энциклопедиялық еңбек жалпы көлемі 4500 бет болатын 8 томнан тұрады. Онда екі мыңнан астам негізгі ұғымдарға жан-жақты анықтама берілген.
Энциклопедия баспаханалық басылым түрінде де электрондық нұсқада да еркін таратылуда.
Кітаптың барлық томдарын берілген сілтеме арқылы электрондық нұсқада көшіріп алуға және кеңірек танысуға болады.
Түркі гуманитарлық ғылымдар энциклопедиясы, 1-том
Түркі гуманитарлық ғылымдар энциклопедиясы, 2-том
Түркі гуманитарлық ғылымдар энциклопедиясы, 3-том
Түркі гуманитарлық ғылымдар энциклопедиясы, 4-том
Түркі гуманитарлық ғылымдар энциклопедиясы, 5-том
Түркі гуманитарлық ғылымдар энциклопедиясы, 6-том
Түркі гуманитарлық ғылымдар энциклопедиясы, 7-том