Раев сонау айшылық алыс жолдардан келген фольклор ұжымдарына алғысын білдіріп, «ТҮРКСОЙ – түркі әлемінің мәдениеті мен өркениетін насихаттау үшін тәуелсіз Түркі Республикалары бірлесіп құрған алғашқы ынтымақтастық ұйымы. Сіздер Анкарада және Түркияның бірнеше қаласында Түрік әлемінің алуан түрлі мотивтерімен мәдени байлығымызды көрсетіп, жалпы адамзат өркениетіне қосқан үлесімізді бүкіл әлемге көрсетесіздер», — деді.
Сондай-ақ Сұлтан Раев өнерпаздардың әрқайсысымен жеке-жеке қол алысып, өнер ұжымдарына түрлі алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етті.