Аталған хаттамаға 2022 жылдың 11 қарашасында Самарқанд қаласында өткен саммит аясында Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан мемлекеттерінің басшылары қол қойған болатын. Бұған дейін Әзербайжан мен Түркия бұл құжатты өз парламенттерінде ратификациялап үлгерген.
Аталмыш ұйымдар бауырлас елдердің мәдени және рухани тұрғыдан жақындасуына зор үлес қосып келеді. Енді қабылданған заң аясында бұл ынтымақтастықтың одан әрі тереңдеп, түркі әлемінің бірлігін нығайтуға жол ашпақ.