БастыМәдениет

Түркі әлемінде диалектологияның негізін қалаған Шора Сарыбаевтың туғанына 100 жыл толды

Диалектология ғылымы жайлы естуіңіз бар ма? Диалектілер мен шыққан дыбыстарды зерттейтін саланы - диалектология дейді.

Грек тілінен аударғанда диалект – «сөйлеу», логос – «ілім» деген мағынаны білдіреді. Ал Түркі әлемінде диалектологияның негізін қазақ ғалымы Шора Сарыбаев қалаған. Саналы ғұмырын қазақ тілінің дамуына сарп еткен академиктің туғанына биыл 100 жыл толды, деп хабарлайды 24.kz.

Ұмыт болған немесе белгілі бір аймаққа ғана тән сөздердің ерекшеліктері мен мазмұнына терең үңіліп, ғылыми жұмыс жазу және оны қорғау қажырлы еңбекті талап ететіні рас. Қазақ ғалымы күллі түркі әлемінің диалектологиясын түзді. Түбі бір бауырлас халықтардың ортақ сөздерін түгендеп, ғылыми еңбектер жазды.

Зулхумор Холманова, филология ғылымдарының докторы, профессор: — Диалектология ғылымы өте күрделі сала. Түркі халықтарының ішінде оны терең зерттеген қазақ ғалымының еңбегі орасан. Алтайдан бастап Орта Азия елдері, Монғолияны аралап, диалект сөздердің мән-мағынасын, оның құрылымы жайында мол мұра қалдырған Шора Сарыбаевтың еңбектері күллі түркі халықтары үшін үлкен олжа.

Диалектология ғылымын қазір көптеген елдер этнографияға көмекші құрал ретінде пайдаланады. Ғалымдар да бұл салаға терең бойлай бермейді. Түркі әлемінде диалектологияға шындап кіріскен екі ғалым болса, соның бірі — қазақ академигі Шора Сарыбаев.

Мырзаберген Малбақов, филология ғылымдарының докторы, профессор: — Бүкіл түркі дүниесінде бірінші болып диалектологиядан докторлық қорғаған адам. Диалектологиядан ондай адам жоқ. Гузеев деген қарашай балқар болған. Бірақ Шөкең 1973 жылы қорғаған. Шора Сарыбаев Ташкент қаласының тумасы. Жерлестері ғалымға арнап еске алу кешін ұйымдастырды. Екі елдің білікті тіл мамандарының басын қосып, ғылыми конференция өткізді. Қазақ академигінің жазған еңбектері мен ашқан жаңалықтары көпшілік назарына ұсынылды.

TuraNews

Back to top button