Басты

Түркі әлемі өнер университеттері арасындағы ынтымақтастық аясы кеңейіп келеді

Өзбекстанда ТҮРКСОЙ ұйымының бастамасымен «Шығыс халықтарының музыкалық мәдениеті: жаһандану үдерістеріндегі шығармашылық үйлесімділік қағидалары» атты халықаралық ғылыми конференция өтті.

Түркі әлемінің музыкалық өнерін таныту және өзара үндестік қағидаларын дамыту мақсатында ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раевтың жетекшілігімен Түркия, Қазақстан, Қырғызстан, Әзербайжан өнер университеттері ректорларының қатысуымен өткен кешенді жиында өнер білімінің сапасын арттыру, әсіресе, музыканың мүмкіндіктері талқыланды.

Жиында 2023 жылы ТҮРКСОЙ аясында құрылған «Түркі әлемі өнер университеттері одағының» құжатына қол қойылды. Шешуші құжатқа сәйкес Юнус Раджаби атындағы Өзбек ұлттық музыка өнері институты «Түркі әлемі өнер университеттері одағының» мүшелігіне бірауыздан қабылданды.

Сонымен қатар, кездесуде «Түркі әлемі өнер университеттері одағы» мен түрлі елдердің жоғары оқу орындары арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Осы тұрғыда Қытай, Франция, Ресей, Германия, Гамбия, Оман және Иордания елдерінің жоғары оқу орындары мен халықаралық зерттеу орталықтарының басшылары арасында барлығы 12 ынтымақтастық келісімге қол қойылды.

 

TuraNews

Back to top button