БастыМәдениет

Түркі академиясының президенті Түркі мемлекеттері ұйымы Бас хатшысымен кездесті

Ағымдағы жылдың 18 қаңтар күні Түркі академиясының президенті Шаһин Мұстафаев Ыстанбұл қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы Кубанычбек Өмүралиевпен кездесті.

ТМҰ ғимаратында өткен кездесу барысында жалпы күн тәртібіндегі мәселелер, соның ішінде ғылым мен білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайта түсу және ортақ жобаларды жүзеге асыру жайы талқыланды.

Сонымен қатар, ұйым басшылары Түркі мемлекеттері ұйымы Хатшылығы, Түркі академиясы және Экономикалық саясатты зерттеу ресми орталықтарының түркі желісі (ERCNET) бірлесіп жариялаған бауырлас елдердегі цифрлық сауда және инвестиция жөніндегі жылдық есептің (Түркі экономикасы: Цифрлық сауда және инвестиция – 2023) нәтижелерін жоғары бағалады.

Тараптар Түркі ынтымақтастық ұйымдарының Үйлестіру кеңесі отырысында қарастырылатын мәселелер бойынша да пікір алмасты.

 

TuraNews

Back to top button