Түркі Академиясының басшысы Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасарымен кездесті
27 ақпанда Түркі академиясының президенті Шаһин Мустафаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қанат Тумышпен кездесті.
Кездесу барысында Академия басшысы қазақстандық дипломатты ағымдағы жылы атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен таныстырып, Академияның болашақ жоспарларын талқылады. Сыртқы саясат ведомствосының қолдауымен бірлескен іс-шараларды, атап айтқанда Қожа Ахмет Ясауидің 930 жылдығына арналған халықаралық конференцияны, сондай-ақ басқа да іс-шараларды өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Сонымен қатар, тараптар ғылыми-зерттеу жобаларының бағыттары мен Бішкек қаласында Академияға мүше елдердің білім және ғылым министрлерінің қатысуымен өтетін Түркі академиясының Ғылыми Кеңесінің VI отырысында бекітілетін түркі әлемінің мерейтойлық күндерінің тізбесі бойынша пікір алмасты.
Өз кезегінде Қ.Тумыш Түркі академиясының жұмысын жоғары бағалап, халықаралық ұйымның бастамаларына қолдау білдірді.
Академия басшысы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасарына жан-жақты қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.
Академия басшысы Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасарымен кездесті
27 ақпанда Түркі академиясының президенті Шаһин Мустафаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қанат Тұмышпен кездесті.
Кездесу барысында Академия басшысы қазақстандық дипломатты ағымдағы жылы атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен таныстырып, Академияның болашақ жоспарларын талқылады. Сыртқы саясат ведомствосының қолдауымен бірлескен іс-шараларды, атап айтқанда Қожа Ахмет Ясауидің 930 жылдығына арналған халықаралық конференцияны, сондай-ақ басқа да іс-шараларды өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Сонымен қатар, тараптар ғылыми-зерттеу жобаларының бағыттары мен Бішкек қаласында Академияға мүше елдердің білім және ғылым министрлерінің қатысуымен өтетін Түркі академиясының Ғылыми Кеңесінің VI отырысында бекітілетін түркі әлемінің мерейтойлық күндерінің тізбесі бойынша пікір алмасты.
Өз кезегінде Қ.Тұмыш Түркі академиясының жұмысын жоғары бағалап, халықаралық ұйымның бастамаларына қолдау білдірді.
Академия басшысы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасарына жан-жақты қолдау көрсеткені үшін ризашылығын жеткізді.