
2023 жылдың 8 тамызында Моңғолиядағы іссапар аясында Түркі Академиясының президенті Шаһин Мұстафаев Моңғолия Ғылым академиясының Археология институтының директоры Гелегдорж Эрэгзэнмен кездесті, деп хабарлайды Turanews.kz.
Кездесуде тараптар «Номғон-2023» ғылыми-археологиялық экспедициясының нәтижелерімен талқылап, алдағы уақытта жоспарланған жобалар бойынша жөнінде пікір алмасты.
Кездесу соңында Академия президенті Ш. Мұстафаев Археология институтының директоры Г. Эрэгзэнге алғыс айтып, көп жылғы бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарының жалғасын табатынына сенімін білдірді.