2023 жылғы 23 маусымда Түркі Академиясының президенті Шаһин Мұстафаевтың төрағалығымен Ортақ түркі тарихы оқу құралына жаңа ұсыныстарды талқылауға арналған сарапшылар отырысы өтті, деп жпзпды Turanews.kz.
Жиында қатысушылар Өзбекстан Республикасы тарапынан Ортақ түркі тарихы оқулығы мәтіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстарды қарастырды.
Отырыс барысында ТМҰ елдердің білім, ғылым салаларына жауапты мамандары мен тарихшы-ғалымдары ТМҰ мемлекет басшыларының тапсырмасына сәйкес Түркі Академиясы тарапынан әзірленген түркі тарихы оқулығына Өзбекстан тарапы ұсынған өзгерістер бойынша ортақ шешімге келді.
Оқулық мазмұнының жаңа нұсқасы Түркі Академиясы Ғылыми кеңесінің кезекті отырысына мақұлдау үшін ұсынылады.
Айта кету керек, былтыр 2022 жылдың 24 маусым күні Астана қаласында өткен Түркі Академиясы Ғылыми кеңесінің V отырысында түркі әлемінің мектептеріне арналған ортақ оқулықтар, атап айтқанда «Ортақ түрк тарихы», «Ортақ түрк әдебиеті» және «Түркі әлемі географиясы» оқулықтарының мәтіндері мақұлданған болатын.