Қоғам

Түркі Академия президенті Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Жээнбек Қулубаевпен кездесті

29 наурызда Бішкекте Түркі академиясының президенті Шаин Мустафаев Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Жээнбек Қулубаевпен кездесті, деп Turanews.kz хабарлайды Академияның баспасөз қызметіні сілтеме жасап.

Кездесу барысында Түркі академиясы мен Қырғыз Республикасының ғылыми ұйымдары арасындағы өзара іс-қимылының жалпы мәселелері, Академияның ағымдағы қызметі, сондай-ақ 2023 жылға жоспарланған іс-шаралар талқыланды.

Ш. Мустафаев Министрге 28 наурызда Түркі Академиясының Қырғызстанның Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп Бішкекте өткізген Академия Ғылыми кеңесінің 6-шы отырысының нәтижелері туралы баяндап берді. Сонымен қатар, ол Түркі академиясының атқарып жатқан жұмыстары, болашақта жоспарланған түркі тарихы мен мәдениетіне арналған іс-шаралар, сондай-ақ ұйымның ғылыми жобаларымен таныстырды.

Өз кезегінде Ж.Кулубаев Академияның жұмысы түркі мемлекеттері арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға, білім, ғылым және технология саласындағы интеграциялық үдерістерді дамытуға бағытталуы тиіс екенін атап өтті. Әсіресе жастардың сапалы заманауи білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге, ал педагогтар мен ғалымдар үшін-ғылыми байланыстарды дамытып, ғылыми-техникалық және мәдени салалардағы тиімді ынтымақтастықты нығайтуға қолдау көрсету керектігін айтты.

Кездесу соңында тараптар өзара әріптестік пен ынтымақтастықты тереңдете беруге бағытталған жұмыстардың жалғасын таба беретінін жеткізді.

TuraNews

Back to top button