БастыСпорт

Түрік теннисшісі тарихи жеңіске жетті

Түркиялық теннисші Зейнеп Сөнмез Меридада (Мексика) өткен турнирдің жеңімпазы атанды.

Финалдық кездесуде 22 жастағы спортшы америкалық қарсыласы Энн Лиді сенімді түрде ұтып, кездесуді 6:2, 6:1 есебімен өз пайдасына шешті.

Бұл жеңіс Зейнеп Сонмез үшін маңызы зор, себебі ол WTA деңгейінде бірінші рет титулды жеңіп алды. Сондай-ақ осы жеңісінің арқасында жас теннисші әлемдік рейтингте 36 сатыға жоғарылап, 91-орынға көтеріліп, өзінің бұрынғы мансабындағы рекордын жаңартты.

Осылайша Зейнеп Сөнмез Чаглы Буюкаччайдан кейін WTA турнирінде жеңіске жеткен екінші түрік теннисшісі атанды. Бұл триумф спортшының жеке жеңісі ғана емес, жалпы түрік теннисі үшін маңызды оқиға болды.

TuraNews

Back to top button