БастыМәдениет

Түрік мәдениеті және мұрасы қоры «Түркітілдес елдердің ұлттық музыкалық аспаптары» кітабын таныстырды

5 наурызда Бакуде Низами Гәнжәуи атындағы Әзeрбайжан Ұлттық әдебиет музейінде Түрік мәдениеті және мұрасы қорының Баку музыкалық академиясымен ынтымақтастығы аясында басып шығарған «Түркітілдес Елдердің Ұлттық Музыкалық Аспаптары» кітабының таныстыру рәсімі өтті.

Кітаптың таныстырылымына Әзeрбайжан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық корпус өкілдері, депутаттар, өнер мен мәдениет саласының танымал тұлғалары, БАҚ агенттіктерінің қызметкерлері және басқа да қонақтар қатысты.

Түрік мәдениеті және мұрасы қорының кезекті ауқымды жобасы болып табылатын «Түркітілдес елдердің ұлттық музыкалық аспаптары» кітабы – 6 түркі елінің ғалымдары, өнертанушылары мен музыканттарының бірлескен еңбегінің нәтижесі. Ұсынылған басылымда көптеген ғылыми дереккөздерге сүйене отырып, түркітілдес халықтар арасында кең тараған жүзден астам дәстүрлі музыкалық аспап туралы жан-жақты ақпарат берілген. Бұл атлас музыка зерттеушілеріне, музыканттарға, фольклортанушыларға және органологтарға арналған.

Ісшараны Низами Гәнжәуи атындағы Әзeрбайжан Ұлттық әдебиет музейінің директоры Рафаэль Гусейнов ашып, «Түркітілдес елдердің ұлттық музыкалық аспаптары» кітабының жарық көруін нағыз мәдени оқиға деп атады, сондай-ақ оның саяси маңызға да ие екенін атап өтті.

Әзeрбайжан Президенті Ильхам Әлиевтің бір сөзінде айтқан «Біздің басқа отбасымыз жоқ, біздің отбасымыз – түркі отбасы» деген пікірі қанатты сөзге айналғанын, ал бұл кітап ортақ түркі бірлігінің қалыптасуына қосылған маңызды үлес екенін айтты.

Бұл басылым – Түрік мәдениеті және мұрасы қорының ауқымды жобаларының бірі. Оны әзірлеуге алты түркі елінің ғалымдары, өнертанушылары мен музыканттары атсалысқан. Кітапта ғылыми дереккөздерге сүйене отырып, түркі халықтары арасында кең тараған жүзден астам дәстүрлі музыкалық аспап туралы жан-жақты ақпарат ұсынылған. Бұл атлас музыка зерттеушілеріне, музыканттарға, фольклортанушыларға және органологтарға арналған құнды еңбек болып табылады.

 

Source
adyrna.kz

TuraNews

Back to top button