Спорт

Түрік фанаттары Конференция Лигасы матчының алдында Қазақстан құтқарушыларына алғыс айтты

Конференция лигасының плей-офф кезеңінде швейцариялық «Базельге» қарсы өз алаңындағы матчта Түркияның «Трабзонспора» футбол клубының фанаттары Түркияда болған жойқын зілзала салдарын жойып, адамдарды аман алып қалуға ат салысып жатқан құтқарушыларға алғыс айтты, деп хабарлайды Turanews.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Фанаттар баннер іліп қойған. Онда үйінді астынан адамдарды шығаруға көмектесіп жүрген, қолына бала ұстаған құтқарушы бейнеленген. Құтқарушының темір қалпағында түрік халқына қайғылы апаттың салдарымен күресуге көмектесіп жатқан әр елдің тулары бейнелеген. Олардың қатарында Қазақстанның да туы бар. ҚР ТЖМ қызметкерлері Түркияның екі елдімекенінде іздеу-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр.

TuraNews

Back to top button