Түрік дәрігері NASA ғарышкерлерінің денсаулығын тексереді
АҚШ-тағы Оңтүстік Флорида университетінің акушерлік және гинекология кафедрасының ғылыми қызметкері, түрік дәрігері Бегүм Айдоған Матик NASA-ның зерттеу миссиясына қатысады.

Оның негізгі міндеті – NASA-мен бірге америкалық әйел ғарышкерлерді толық медициналық тексеруден өткізу. Бұл зерттеу миссиясы 2026 жылы Virgin Galactic ғарыш кемесінің бортында жүзеге асырылады.
Бегүм Айдоған Матиктің айтуынша, ол АҚШ-қа инновациялық жобаларға белсене қатысу үшін қоныс аударған. Бұған дейін ол Хьюстондағы Джонсон атындағы ғарыш орталығында Авиация және ғарыш медицинасы бойынша тағылымдамадан өтіп, NASA-ның STAR бағдарламасы аясында «ғарыш медицинасы» бойынша біліктілігін арттырған.
Қазіргі уақытта түрік дәрігері АҚШ-та әйел ғарышкерлердің денсаулығын қамтамасыз етуге арналған медициналық стандарттар мен технологияларды әзірлеуге белсенді атсалысып келеді. Оның акушерлік және гинекология саласындағы тәжірибесі әйел экипажының ғарыштық миссияларға дайындығына айтарлықтай үлес қосуда.