Басты

Түрік бизнесінің Қазақстанға қызығушылығы артуда

Қазақстан СІМ басшысы түрік бизнес өкілдерімен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

17 сәуірде Ыстанбұлда Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Түркияның жетекші «Orzax» және «Alarko Holding» компанияларының басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді.

Келіссөздер барысында Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені мен тамақ өнеркәсібін дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

М.Нұртілеу Қазақстан Түркиямен сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға айрықша мән беретінін атап өтіп, экономиканың басым секторларына тікелей инвестициялар тартуға мүдделі екенін жеткізді.

«Orzax» компаниясының бас директоры Юнус Эмре Алимоглу Түркістан облысында биологиялық белсенді қоспалар шығару жобасы туралы мәлімет берді. Ол мемлекет тарапынан көрсетілген уақтылы қолдаудың арқасында жоба бекітілген кестеге сәйкес іске асырылып жатқанын атап өтті.

«Alarko Holding» басқарма төрағасы Иззет Гарих Шымкент қаласында заманауи жылыжай кешені құрылысының барысы туралы айтып, жобаның табысты іске асырылатынына және компанияның Қазақстандағы қызметін кеңейтетініне сенім білдірді.

Сұхбаттастар инвестициялық серіктестікті нығайтуға өзара бейілділігін растап, перспективалы жаңа бағыттар бойынша өзара іс-қимылды кеңейтуге дайын екенін білдірді.

TuraNews

Back to top button