БастыМәдениет

«Түрік әлемі энциклопедиясы» жарияланды

Ататүрік атындағы зеттеу орталығы «Түрік әлемі энциклопедиясын» дайындады. M

Тарихтан әдебиетке, жол көрсетуші түрік әйелдерінен мәдени құндылықтарға дейін ауқымды қазына ұсынатын энциклопедия ортақ мұра мен мәдени жәдігерлердің болашақ ұрпаққа жеткізілуінде рол атқаратын болады.

Бұл туралы осы аптада Түркия Радио Телевизия порталы хабарлады.

Аталған БАҚ-та хабарлағандай, Түрік тарихы, мәдени мұра және маңызды тұлғалар туралы мәліметтер жинақталған еңбекті 99 жазушы құрастырды. 9 категориядан тұратын энциклопедияда жарияланған 143 баптың 21-і енді Әзербайжан түрік тілінде жазылды.

«Еңбектің қырғыз, қазақ, өзбек тілдерінде де жариялануы жоспарланды. Артынан батыс тілдеріне де аударылады. Туынды цифрлық платформада қолжетімді. Ауқымды еңбекке 10 күнде 6280 адам қызығушылық танытты», деп жазады TRT.

TuraNews

Back to top button