Денсаулық

Түлкібаста түрік профессорының қатысуымен балалар отасына қатысты шеберлік сағаты өтті

Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастауымен 9-10 маусым күндері Түлкібаста «Зәр шығару жүйесінің туа біткен және жүре пайда болған патологияларынын емдеудің инновациялық әдістері» тақырыбында шеберлік сағаты өтті.

Түлкібас аудандық орталық ауруханасында балалар хирургиясы мен урологиясы бейініндегі дәрігерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған шараға Түркия Республикасының Ыстамбұл қаласындағы «Медикал Парк» клиникасынан профессор Шейхмус Керем Өзел қатысты.

Әрбір нәрестенің жақсы болып өсуі, оның ата-анасы мен туған-туыстарының отбасындағы мейір – шапағатына, бір-біріне деген ыстық ықыласына тікелей байланысты. Қашанда тәрбиелі шаңырақтан ғана тәрбиелі ұрпақ өсіп жетілетінін ұмытпау біздің парызымыз. Айналып-толғанып отырған сәбилерінің аяқ астынан науқастанып, ауруханадан келіп бір-ақ шығуы ата-анаға төбесінен жай түскендей әсер ететіні анық. Ал бүлдіршіннің ауруханада жалғыз өзінің қалуы ата-анаға қайғы-қасірет. Көзінің қарашығындай көретін бөбегін шырылдатып, бөтен біреулердің қолына сеніп тастап кету оңайға түспейтіні рас. Әрине, ауруханаға сырқаттанып түскен әрбір баланың не анасы, не әкесі бірге жатса сол жақсы. Дәрігерлер де осыны қалайды. Алайда ауруханалардың аздығы, ондағы палаталардың шектен тыс тарлығы көпшілік жағдайларда сырқат сәбилерді ата-анасынан ажыратып жалғыз өздерін жатқызуымызға мәжбүр етіп жүр.
Ауруханаға түсіп, бойларын үрей билеген бөбектер әркімнің бетіне үрке қарап, жүздері жылы, көздері мейірлі, сөздері жұмсақ, дауыстары дәрі жандардан өздеріне медет іздейді. Тапса қуанады, таппаса налыиды, жылайды.

Бір жағынан бойларындағы кеселдері жандарына батса, екінші жағынан ата-аналарынан ажырап, танымайтын ортаға түсуінің өзі олар үшін азап болып табылады. Мұндай сәттерде олардың күш-қуатын сақтауға, азабын жеңілдетіп, дәрі-дәрмектер жасалатын операциялармен қатар оларға ықыласты қарау таптырмайтын ем болып саналады.

Мінеки, осындай ауыр халде жатқан бүлдіршіндерге алғаш қол ұшын беріп, маңдайларынан сипап, ыстық ықыласын білдіріп, мейірімділік көрсететін жандар ауруханада істейтін медицина қызыметкерлері болуға тиіс. Біз көпшілік жағдайда “е ол әлі бала ғой, не біледі дейсің” деп жасөспірімдерге онша көңіл бөліп, үлкендігімізге салып өз білгендігімізді істеп жатамыз. Бұл мүлдем дұрыс емес. Сәби бәрін біліп, сезіп жатады. Шырқырап жылап жатқан нәрестені бойынан мейірімі төгілген жан қолына алып жұбататын болса, ол жылағанын дереу қойып, тsныштала қалады. Тіпті бөтен адамның еркелеткеніне еркелеп, күлдіргеніне күліп, ойнатқанына ойнап, нәресте болса да өзінше жауап береді.

Бала әбден сауығып шыққанша оның үйі-аурухана да, әке-шешесі – емдеуші дәрігер мен медбикеш болуға тиіс. Үйінде жүрген бала шешесі тарапынан қандай қамқорлық, мейірімділік, жылылық көріп келсе, дәл сондай қамқорлықты, мейірімділікті, жылылықты ауруханада жатқанда дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлері тарапынан да сезінуі керек. Сырқат балаға қолайлы жағдай тудыру қажет. Сонда ғана бала жаңа ортаға тез үйреніп кетеді. Бекерден – бекер жылап, мазасызданбайтын болады. Бойларын билеген үрейден арылып, қорықпайтын дәрежеге жетеді. Дәрігерлер мен медбикешке деген сенімі артады. Көп жылғы дәрігерлік тәжірибемнен: кішкентай 2-3 жасар сәбилердің өздері-ақ өздерінің науқас екенін жан-дүниелерімен сезініп, бойларындағы кеселдерінен тезірек арылуға тырысатынын байқадым. Тіпті көпшілік жағдайларда, олар саналы түрде, емдеуші дәрігерлер мен медбикештерге қолқабыстарын тигізіп, көмектесуге тырысады. Ешкімнің зорлауынсыз-ақ, ешкімнің қыстауынсыз-ақ, ащы болса да дәрілерін өздері сұрап ішіп, әртүрлі күрделі тексерулерден қорқып қашпастан өз еркімен өтіп, ем-домдарын алып жүргендерін көрсең, іштей еміреніп кетесін. Кейде жаның ашып, аяйсың да.

Сырқаттар мен медицина қызметкерлерінің арасында тату-тәтті байланыс, достық қарым-қатнас, баланың әке-шешесіне сенгені сияқты бір-біріне деген сенімділік орнаған кезде ғана ауруға ем әсері байқалады. Егер науқас адам емдеп жүрген дәрігеріне, қызмет істеп жүрген медбикештерге сенбесе, қаншама күшті дәрі-дәрмек алып жатса да, берген ем қонбайды. Жасаған операциялар да көпшілік жағдайда сәтсіз аяқталып жатады. Бұның бәрі өмірде әлденеше рет дәлелденген шындықтар. Өкінішке орай осы заманғы дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлерінің біразының аттарына заттары, айтқандарына істегендері сай келмей жатады. Әріптестерінің кейбіреуінің істейтін қылықтары, сөйлеген сөздері, жүріс-тұрыстары, адамдармен қарым-қатынастары, мінез-құлықтары, сырқатқа деген пейілдері “дәрігер”, “медбикеш” деген қасиетті атқа лайық емес. Дәрігер болғандықтан талай дәрігердің, талай медбикештің сырқатқа, оның туған-туыстарына деген оғаш қылықтарын, жат мінездерін, дөрекі сөздерін, өздерінің мамандықтарына деген немқұрайдылықтарын, өздерінен басқа адамға жандары ашымайтындықтарын көзіммен көріп, талай рет түңілгенім бар. Аппақ қардай ақ хадат киіп, сыртарынан жылтырағандарымен, іштерінде ит өліп жатқан қара ниетті, мәдениеті тым төмен, білімсіз дәрігерлер мен сауатсыз медбикештер бар екенін көргенде жүрегің ауырады. Солар үшін сен ұяласың. Ал енді сырқат жандар мұндай шала сауатты, мұз жүректі дәрігерлер мен медбикештерден қалай ғана шипалана қойсын-ау. Қайта дәреттеріне дерт, кселдеріне кесел қосылып, өмірі жазылмайтын созылмалы ауруға шалдығады.

Өзін-өзі сыйлайтын мәдениетті дәрігер мен орта буын медицина қызметкерлері медициналық этика мен деонтологияның ғасырлардан бері жинақталған білім бұлағынан сусындап, бойына сіңіріп, өзін үнемі жетілдіріп отырғанда ғана жақсы дәрігер, үлгілі медицина қызметкері бола алады. Дәрігер үшін де, орта буын медицина қызметкерлері үшін де ең басты қағида – адамгершілікті, мейірімділікті, ілтипатты сақтай білу.

Алғашқы күні бұл іс-шараны басқарма басшысының «Ана мен бала денсаулығын қорғау ісі» жөніндегі орынбасарының міндетін уақытша атқарушы М.Мамбетова және Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Е.Орманов ашып беріп, сәттілік тіледі. Іс-шараға облыстың өңірлерінен және Шымкент қаласының қалалық және облыстық балалар ауруханасынан келген хирургтар мен урологтар қатысты. Жиын соңында қатысқан мамандарға арнайы сертификаттар табысталды.

Шеберлік сағаты барысында бірнеше ота түрлері жасалды. Атап айтқанда, қуық-зәрағар рефлюксіне-видеоцистоскоп арқылы гель енгізу, гипоспадия асқынуын емдеу, крипторхизм асқынуын емдеу. Одан бөлек балалар урологиясы, фетальды хирургия тақырыбында презентациялар жасалып, оталардың видеолары көрсетілді. Сұрақ-жауаптар болды. Түркістан облысының аудандарынан келген 22 балаға кеңестер берілді.

Айта кетейік, негізгі мақсаты – жетекші балалар хирургтарының, урологтарының, бөлім басшыларының күш-жігерін біріктіру, тәжірибе алмасу және жаңа технологиялармен танысу. Шеберлік сағаты соңғы инновацияларды, үрдістерді және мәселелерді, соның ішінде ұйымдастырушылық және технологиялық мәселелерді талқылауға арналған пәнаралық платформаны ұсынды.

 

TuraNews

Back to top button