Түркияда қазақстандық турист суға батты
Түркияда Қазақстаннан келген турист суға батты деп Haberler басылымы хабарлайды.
Анталияда 25 жастағы Қазақстан азаматының суға батып кеткені хабарланды. Оқиға сағат 13.30 шамасында Коньяалти жағажайында болған.
Әпкесі және жездесімен теңіз жағалауы жаққа келген қазақстандық турист Төреқұл Әлішер теңіз көзілдірігімен және шұңқырмен теңізге түскен. Сағат 16.30-ға дейін теңізден шықпаған сон, Әлішер қонақ үйге өз бетімен қайтқан шығар деп әпкесі күйеуімен іздеуге кіріседі. Әпкесі мен жездесі қанша қоңырау шалғанымен Әлішерге жете алмаған соң, 112 жедел жәрдем орталығына жағдайды хабарлаған.
3 сағатқа созылған іздеуден кейін Қазақстаннан келген турист 5 метр тереңдікте теңіз түбінен жансыз күйде табылды. Сүңгуірлер мәйітті теңізден жағаға шығарды.
Ал інісінің жансыз денесін көргенде көзіне жас алған әпкесі, мәйіті үстіне басын ұзақ қойып ұзақ уақыт құшақтап отырды.
Тергеу тобының жұмысынан кейін мәйіт сараптама жасау үшін Анталия сот медицина институтының мәйітханасына жеткізілді.