Trip.com Group пен TGA Түркияны «Супер бағытқа» айналдырады
Trip.com Group және Түркия туризмді дамыту және ілгерілету агенттігі (TGA) жаңа стратегиялық серіктестік орнатып, Түркияны жаһандық деңгейде «Super Destination» ретінде ілгерілетуді көздейді.
Trip.com мәліметтері бойынша, 2025 жылдың алғашқы жартысында Түркияға әуе билеттерін брондау 38%-ға, ал қонақүй брондаулары 16%-ға өскен. Ең белсенді нарықтар – Ұлыбритания, Германия, Қытай, сондай-ақ Индонезиядан келетін брондаулар 178%-ға артқан.
Жаңа серіктестік Түркияның мәдени байлығын, табиғи сұлулығын және әртүрлі туристік тәжірибелерін әлемге, әсіресе Азия елдеріне кеңінен танытуды көздейді.

Тараптар:
- әуе қатынастарын күшейтуге,
- орналастыру мүмкіндіктерін кеңейтуге,
- аймақтық турлар мен сервистерді дамытуға бірлесіп жұмыс істейді.
Бірқатар бірлескен маркетингтік науқандар іске қосылып, саяхатшыларды Ыстанбұлдың заманауи келбеті, Каппадокияның ерекше ландшафты, Анталияның жағажайлары, Измирдің тарихи мұрасы және Түркия гастрономиясына тарту жоспарланған.
Азия нарығына фокус
Trip.com Group өзінің технологиялық экожүйесі мен маркетинг платформаларын пайдаланып, Қытай, Гонконг, Жапония, Малайзия және Индонезия сияқты Азия-Тынық мұхиты елдеріндегі саяхатшыларды Түркияға бағыттайды.
Ыстанбұлдағы Trip.com Group кеңсесі компанияның Түркия туризм нарығына ұзақ мерзімді қолдау көрсетуге бейілді екенін көрсетеді.

Trip.com Group вице-президенті Аманда Ванг бұл серіктестіктің мақсаты – Түркияны жаңа буын саяхатшыларына цифрлық инновациялармен және жоғары деңгейлі туристік өнімдермен таныстыру екенін атап өтті. Оның айтуынша, компания Азия елдерінен келетін туристер легін арттыруға ерекше назар аударады.
«Түркия – тарихы, табиғаты және мәдениетімен саяхатшыларды шабыттандыратын бірегей бағыт. Біз шынайы мәдениетті цифрлық инновациямен біріктіретін жоғары деңгейлі саяхат тәжірибелерін ұсынамыз», – деп мәлімдеді ол.
TGA Бас директоры Синан Сеха Түрксевен де осы ынтымақтастықтың маңызын атап өтті..
«UN Tourism мәліметі бойынша, Түркия әлемдегі төртінші ең ірі турист қабылдаушы ел. Trip.com Group-пен әріптестік біздің туризм саласының жаһандық ықпалын күшейтеді. Әсіресе Қытай туристерін қабылдауға ерекше қуаныштымыз», – деді.

Trip.com Group – Trip.com, Ctrip, Skyscanner және Qunar платформаларын біріктіретін әлемдегі ең ірі онлайн туристік экожүйелердің бірі. Компания 1999 жылы құрылған, NASDAQ пен HKEX биржаларында листингте. Негізгі миссиясы – «жер бетіндегі әрбір адамға мінсіз сапар ұсыну». Стамбұлдағы кеңсесі арқылы Түркиядағы серіктестермен тікелей жұмыс істейді.
Түркия туризмді дамыту және ілгерілету агенттігі (TGA) – 2019 жылы құрылған, Түркияны халықаралық аренада туристік бренд ретінде ілгерілетуге жауапты агенттік. TGA елдің табиғи, мәдени және гастрономиялық мұраларын танытып, сапалы сервисті дамытуға бағытталған коммуникациялық және маркетингтік жобаларды жүзеге асырады. Сонымен қатар, TGA — Türkiye’nin ресми туристік платформасы GoTürkiye.com мазмұнын өндіретін негізгі мекеме.



