Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымал жылына 6 млн тоннаға ұлғайып келеді, деп жазады 24.kz.
Биылғы 11 айда жүк тасымалы көлемі 63%-ға артып, 4,1 млн тоннаға жетті. Ал контейнерлік тасымалдар 2,6 есе өсті. Сондай-ақ биыл Транскаспий көлік дәлізінің үйлестіру орталығы іске қосылды. Ол инфрақұрылымды дамытуға және бағыттың функционалын кеңейтуге бағытталған. Жаңа платформа бағыттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жұмыс істейді. Бұл Еуропа мен Азия арасындағы жеткізу мерзімін 15 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Жобаға Қазақстан, Әзербайжан, Грузия, Түркия, Қытай сияқты негізгі елдер мен компаниялар белсенді қатысып отыр.