Тоқаев Түркия басшысына көңіл айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, — деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент Режеп Тайип Ердоғанға жеделхатында Түркияның Бартын провинциясындағы шахтада болған жарылыс салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпаратты терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізген.
«Осы орайда Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларына Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтып, орны толмас қайғы-қасіретке ортақтасамын. Алла Тағаладан қаза тапқандардың жаны жәннатта болуын, зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуін тілеймін», — деп жазылған жеделхатта.
Еске салайық, Түркияның солтүстігіндегі Бартин провинциясында көмір шахтасында жарылыс болды. Алдын ала болжам бойынша, 25 адам қайтыс болған.