
Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымының ХІІ саммитіне қатысу үшін Әзербайжанға барады, деп хабарлайды TuraNews.kz.
«Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Ильхам Әлиевтің шақыруымен 6-7 қазан күндері Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшылары кеңесінің ХІІ саммитіне қатысу үшін Әзербайжанға сапармен барады», — делінген хабарламада.