
Түркі инвестициялық қорының Басқарушылар кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілдері болып мыналар тағайындалды:
- басқарушы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Серікұлы Байбазаров;
- Басқарушының орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Кенбейіл Дәурен Маратұлы.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.