Басты
Тоқаев: Бауырлас елдермен болашағымызды бөле-жара қарамаймыз
Қазақстанның басқа елдермен қарым-қатынасы бірлік пен татулыққа негізделуі керек. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Turanews.kz тілшісі.
«Қазақстанның басқа елдермен қарым-қатынасы да бірлікке, татулыққа және өзара тілектестікке негізделуі керек. Әсіресе көршілес, бауырлас елдермен болашағымызды бөле-жара қарамаймыз. Жақында Қырғыз Президенті Садыр Жапаров әлеуметтік желіде қазақ пен қырғыздың достығы туралы лебізін білдірді. Шын мәнінде, біз тамырлас, тағдырлас, бір туған жұртпыз. Қиындықты бірге еңсеріп, қуанышты бірге бөлісіп, қилы заманның бәрінен өтіп келеміз», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.