Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдап, елорданы сумен қамтамасыз ету мәселесі туралы баяндамасын тыңдады, деп хабарлайды Turanews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент әкімге қысқа мерзімде тек сумен қамтамасыз ету саласында ғана емес, сонымен қатар қаланың маңызды басқа да жүйелерінде дағдарыс жағдайын түбегейлі болдырмау үшін жүйелі және жедел шаралар қабылдауды тапсырды.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қалыптасқан жағдай президент әкімшілігінің бақылауында болады.