Әлем

Токиода ұшақ өртенді: бес адам із-түзсіз жоғалған

Japan Airlines Airbus A350 ұшағының өртенуіне оның жағалау күзет ұшағымен соқтығысуы себеп болды, деп хабарлайды TuraNews.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Жергілікті БАҚ компания лайнері соқтығысқан жапон жағалау күзеті көлік ұшағындағы алты экипаж мүшесінің тек біреуі ғана эвакуациялана алғанын жазады. Қалғандары із-түзсіз жоғалғандар тізімінде.

Ұшақ өртенгенге дейін азаматтық ұшақтағы жолаушылар эвакуацияланды. Ол Саппородан ішкі рейспен ұшатын.

Кейбір мәліметтерге қарағанда жапондық жағалау күзетінің ұшағы зілзаладан зардап шеккен аймақтарға көмектесу үшін ұшуға дайындалып жатқан. Бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ.

Japan Airlines ұшағы Токио әуежайына қонып жатқанда өртеніп кетті. Видеода жалынның бүкіл ұшақты қалай шарпығанын көруге болады.

 

TuraNews

Back to top button