Клубтар алаңға мына құраммен шықты:
«Ордабасы»: Шайзада, Режиналду, Пластун, Малый, Ерланов, Шехович, Цвек, Тағыберген, Макаренко, Умаров, Яхшибоев;
«Тобыл»: Покатилов, Асранқұлов, Габараев, Иванович, Миладинович, Ндиайе, Чесноков, Шахов, Эль-Мессауди, Энен, Эссьен.
Командалар Антальядағы «Титаник Мардан» клубында өзара кім мықтыны анықтады. Ал жеңімпаз пенальти сериясында анықталды — 5:4.
Ойынның негізгі уақыты 1:1 есебімен тең аяқталды.
Ал пенальти сериясында қостанайлықтардың жолы болды. Осылайша «Тобыл» Суперкубок жеңімпазы атанып, 25 млн теңгеге иелік етті.
«Ордабасы» — «Тобол» 1:1 (1:0), пен. 4:5
Голдар: Макаренко 45+1 (1:0), Миладинович 65 (1:1).