ТМҰ: Cайлауды ұйымдастыру мен өткізу заң талаптары аясында өтті
Халықаралық байқаушылардың қатысуымен өткен брифингте Түркі мемлекеттері ұйымы миссиясы сайлау ашық, әділ өткенін мәлімдеді.
Түркі мемлекеттері ұйымы бас хатшысының орынбасары, ұйым атынан келген байқаушылар миссиясының басшысы Сади Джафаров Қазақстанда 19 наурызда сайлауды ұйымдастыруға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Turanews.kz.
«Миссия мүшелері байқаушы ретінде Астана қаласындағы бірқатар учаскеде болды. Дауыс беру басталғанға дейін, 17 наурызда бірнеше партияның өкілімен кездесіп, олардың дайындығымен таныстық. Делегация партиялардың бағдарлармасына, қаржылындыруға, медиа ресурстарда ақпарат таратуға қатысты мәліметтерді талқылады. Сонымен қатар, біздің миссия ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровпен де кездесті. Осы орайда ол сайлау процесіне қатысты толық мәлімет берді», — деді Сади Джафаров елордадағы Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен брифингіде.
Оның айтуынша, 19 наурыз күні Түркі мемлекеттері ұйымы өкілдері таңертең Астанада ашылған учаскелерде болған.
«Учаскелердің ашылуы ұлттық заңнама талаптарына сәйкес іске асырылды. Жалпы, біздің миссия 32 сайлау учаскесіне барды. Біз тиісті мониторинг жүргіздік және оның барысында елеулі кемшіліктер болған жоқ. Атап айтқанда, сайлауды ұйымдастыру мен өткізу заң талаптары аясында өтті», — деді Сади Джафаров.