Қоғам

ТМҰ Бас хатшысының орынбасары Өмер Қожаман «Отандастар Қоры» президентімен кездесті

2022 жылдың 21 қарашасы, Түрік мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) Бас хатшысының орынбасары Өмер Кожаман Астанада Қазақстан диаспорасын үйлестіруге жауапты мекеме «Отандастар Қоры» президенті, Қазақстанның Түркия Республикасындағы бұрынғы Елшісі Абзал Сапарбекұлымен кездесті.

Бас хатшының орынбасары Кожаман, «Отандастар Қоры» президенті Сапарбекұлын қызметіне кірісуімен құттықтап, Түрік әлеміндегі соңғы оқиғалар мен 11 қарашада өткен ТМҰ Самарқанд саммиті туралы ақпарат берді.

ТМҰ-ның әлемнің әртүрлі түкпірлеріндегі түрік диаспоралары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету және үйлестіру үшін әртүрлі жобалар мен іс-шараларды жүзеге асыратынын атап көрсеткен Кожаман алдағы уақытта бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру үшін «Отандастар Қоры» мен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюға дайын екендіктерін білдірді.

«Отандастар Қоры» президеті, қордын міндеттері мен қызметтері және жоспарлар мен алдағы іс-шаралар туралы ТМҰ делегациясын хабардар етті.

Абзал Сапарбекұлы түрік диаспораларының ортақ веб-платформасын құру мәселесін де ортаға салып, үшінші елдерде диаспора кездесулерін ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті.

Source
Turkkon.org

TuraNews

Back to top button