ТМҰ Бас хатшысы Еуропарламент делегациясын қабылдады
11 қаңтарда, Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) Бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев, Ыстамбұлда Еуропарламент депутаты Рысард Чарнецки бастаған делегацияны қабылдады.
Еуропарламент депутаты Рысзард Чарнецки, Кубанычбек Омуралиевті ұйымның Бас хатшысы лауазымына тағайындалуымен құттықтап, алдағы қызметіне табыс тіледі.
Бас хатшы Омуралиев, Еуропалық Парламент (ЕП) делегациясын ТМҰ қызметі туралы хабардар ете отырып ТМҰ-ның Еуропалық Одақпен (ЕО) сауда, көлік және энергетика сияқты ортақ мүдделер салаларында тығыз ынтымақтастыққа ашық екенін айтты.
ЕО шеңберіндегі, «ЕО-Қазақстан», «ЕО-Түркия» достық топтарының төрағасы және «ЕО-Өзбекстан» достық тобының негізін қалаушы төрағасы болып табылатын Еуропалық парламент мүшесі Чарнецкий, Бас хатшы Омуралиевті, Еуропалық Парламентке шақырып ТДТ және ЕО арасындағы берік әріптестіктін одан әрі тереңдей түсуіне сенімін білдірді
Тараптар сонымен қатар ТМҰ және ЕП арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы пікір алмасты.