ТЖ министрі сейсмикалық қауіпті аймақтарды атады
Қазақстан ТЖ министрлігінде ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның кезектен тыс отырысы өтті, онда елдегі сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі қаралды.
ТЖ министрі Юрий Ильин ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның кезектен тыс отырысында Қазақстандағы сейсмикалық қауіпі бар аймақтарды атады, деп хабарлайды Turanews.kz.
«Сейсмикалық қауіпсіздіктің мемлекеттік жүйесін жетілдіру — халықты қорғаудың маңызды бағыттарының бірі және Мемлекет басшысының ерекше бақылауында. Алматы, Шымкент қалаларының, сондай-ақ Абай, Жетісу, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарының аумақтары сейсмикалық қауіпсіздіктің жоғары әлеуетіне кіреді. Бұл ретте Алматы қаласы бүкіл Орталық Азиядағы сейсмикалық қауіпті аймақтардың бірінде орналасқан, — деді министр.
Сонымен қатар, Юрий Ильин Үкімет басшысының мүдделі орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың алдына сейсмикалық қауіпсіздік және құрылыс саласындағы нормативтердің талаптарын орындамағаны үшін жауапкершілікті қатаңдату бөлігінде заңнамаға өзгерістер енгізу, лауазымды тұлғалардың оларды іске асырғаны үшін бақылауы мен жауапкершілігін арттыра отырып, сейсмика бойынша жол картасының іс-шараларына тексеру жүргізу, жаңа әдіснама бойынша облыстар мен ірі қалалардың сейсмикалық аудандастыру карталарын әзірлеу және, сейсмикалық мониторинг желісін кеңейту, жер сілкінісін болжау әдістерін жетілдіру және барлық елді мекендердің сейсмикалық қауіп-қатерін бағалауды жүргізу міндеттерін қойды.
Құрылыс кезінде сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ИИДМ Құрылыс және ТКШ істері комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Жүнісбеков айтып берді.
Осы мәселені тыңдаған кезде министр сейсмикалық қауіпті өңірлерде құрылыс кезінде барлық нормалар мен ережелерді сақтау қажеттігіне ерекше назар аударды, бұл жер сілкінісі болған жағдайда қиратуды барынша азайтуға және тиісінше зардап шеккен азаматтарға ықпал ететін болады. Юрий Ильин бейінді комитетке әсіресе жеке сектордағы құрылыс пен нормалардың сақталуына назар аударуды ұсынды.
Сейсмикалық қауіпті өңірлердегі объектілерді есепке алу және паспорттау, осы бағыттағы бақылау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпаратты бірқатар басқа өңірлердің бейінді ұйымдары мен министрліктердің өкілдері жеткізді.
Сонымен қатар, еліміздегі ағымдағы сейсмикалық жағдай туралы «Сейсмология институты» ЖШС директоры Дәулет Сәрсенбаев, сондай-ақ қазақстандық құтқарушылардың Түркиядағы жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға қатысу тәжірибесі туралы ТЖ жою департаментінің бастығы Кахарман Оразалин баяндады.
Қаржы министрлігі Құқық қорғау, арнайы органдар және қорғаныс бюджеті департаменті директорының орынбасары Дүйсен Әділханов еліміздің сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бөлінетін бюджеттік құралдар туралы айтты.
Отырыс қорытындысы бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар үшін бірқатар ұсынымдар әзірленді.