Басты

Тікұшақ апатына ауа райының қатысы бар ма – ТЖМ жауабы

Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов ведомствода өткен брифингте Батыс Қазақстанда апатқа ұшыраған тікұшақ ұшар кезде ауа райы қандай болғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Негізі пилоттарда «метео бюллетень» деген арнайы ресми құжаттары бар. Сол метео бюллетень бойынша ұшуға мүмкіндік болды. Қазіргі таңда бізге белгілісі осы», — деді ТЖМ ресми өкілі.

Еске салсақ, кеше Батыс Қазақстан облысында «Қазавиақұтқару» АҚ-ға тиесілі тікұшақтың «апатты жағдайда қонып», 4 адамның мерт болғаны хабарланған болатын.

Бүгін таңертең ТЖМ Батыс Қазақстандағы оқыс оқиғадан қаза тапқандардың аты-жөнін жариялады.

TuraNews

Back to top button