TikTok ЕО-ның 530 млн еуро көлеміндегі айыппұлын сотта дауламақ
Бұл туралы TikTok компаниясының Еуропадағы сыртқы байланыстар бөлімінің басшысы Кристин Гран хабарлады.

TikTok Еуроодақтың жеке деректердің Қытайға жіберілуіне қатысты салған 530 миллион еуро көлеміндегі айыппұлымен келіспей, сотқа шағымданатынын мәлімдеді, деп жазады ТАСС.
Ол TikTok-тың айыппұлға үзілді-кесілді қарсы екенін айтып, компанияның еуропалық пайдаланушылардың деректерін сақтау үшін Еуропада серверлік инфрақұрылымға 12 миллиард еуро жұмсағанын атап өтті.
Сондай-ақ Гран TikTok-тың ешқашан Қытай билігінен еуропалық пайдаланушылардың деректеріне қатысты сұрау алмағанын және бұл деректер ешқашан берілмегенін мәлімдеді.
Ирландияның деректерді қорғау жөніндегі комиссиясы TikTok сервисіне 530 миллион еуро айыппұл салды. Бұл шешім TikTok-тың еуропалық пайдаланушылардың деректерін Қытайға бергені туралы күдікке байланысты қабылданған. Комиссия мұны ЕО-ның жеке деректерді қорғау ережелерін бұзу деп бағалады.
Айыппұл Еуроодақта TikTok тіркелген ел – Ирландияда салынды. ЕО заңнамасына сәйкес, еуропалық пайдаланушылардың деректері Еуропа аумағындағы серверлерде сақталуы тиіс.
TikTok бұл шешіммен келіспей, айыппұлды сот арқылы дауламақ. Компания деректерді сақтау үшін Еуропада серверлік инфрақұрылымға 12 миллиард еуро инвестиция салғанын және Қытай билігіне ешқандай жеке дерек берілмегенін мәлімдеді.