Басты
Trending
Threads-тегі алаяқ: азаматтар әскердегі сексуалдық зорлық-зомбылық туралы ойдан шығарылған оқиғаға сеніп қалды

Алаяқтық пен жалған ақпарат таратты деп күдікке ілінген 23 жастағы астаналық тұрғын ұсталды.
Threads әлеуметтік желісінде белгісіз аккаунт арқылы бір желі қолданушысы әскерде жүргенінде жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын және қазіргі уақытта қудалаудан қорқатынын мәлімдеген. Ол бір жыл бұрын әскерден оралғанын, бірақ болған сұмдық оқиғаны әлі де ұмыта алмай жүргенін жазған. Пост авторының сөзінше, командирі оны қорқытып, жыныстық сипаттағы әрекеттерге мәжбүрлеген.


